«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында: екінші бөлігінде: жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1088 - «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;»; отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1096 - «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады.»; екінші бөлігінде: он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «1240 - «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» өтеу мерзімі бір жылдан аз ведомстволық есеп айырысулар бойынша мемлекеттік мекемелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегін есепке алу үшін арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды: 1241 - «Ішкі ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» ішкі ведомстволық есеп айырысу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінің, оның ішінде қайтару негізінде республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен берілген кредиттер сомалары бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алу үшін арналған; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|