Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Молдова Республикасының
2016 жылғы 17 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Молдова Республикасының Экономикалық қылмыстар мен жемқорлыққа қарсы күрес орталығы, бір-бірімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекеттерге байланысты ақпарат алмасу саласында тиімді ынтымақтастықта өзара мүдделілікке сүйене отырып, қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруда (жылыстатуда) және криминалдық іс-қимылда күдікті адамдарды қудалауда көмек көрсетуге қатысты ынтымақтастық екі Тараптың да мүддесіне жауап беретінін мойындай отырып, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті құқықтық шарттар болуы қажет екендігін мойындай отырып, төмендегі туралы келісті:
Тараптар, өз құзыреті шегінде өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес іс-қимыл жасай отырып, осы Меморандумның ережелеріне сай ынтымақтастықты, оның ішінде ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Тараптар, олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты екендігіне күдігі бар ақшалай қаражатпен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы, сондай-ақ осындай операцияларды жасауда қатысқан жеке және заңды тұлғалар туралы өздерінің қарамағындағы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау сатыларында ынтымақтастықты, оның ішінде ақпарат алмасуды жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|