Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің іргелі зерттеулер саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы КЕЛІСІМ (Ашхабад, 2019 жылғы 31 мамырда)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 57 Қаулысымен бекітілді 2020 жылғы 15 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттері басшылары кеңесінің 2007 жылғы 5 қазандағы шешімімен мақұлданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасының ережелерін басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) қатысушы мемлекеттердің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесін құру туралы 2011 жылғы 19 мамырдағы келісімді назарға ала отырып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытудағы іргелі зерттеулер саласының маңызды рөлін ескере отырып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ ғылыми кеңістігін дамытуға және нығайтуға ниет білдіре отырып, ғылыми зерттеулерді дамытуға, ғылыми кадрларды қолдауға, іргелі зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға өзара мүдделілікті назарға ала отырып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық әлеуетін дамыту үшін іргелі зерттеулер саласындағы Тараптардың қызметін үйлестірудің қажеттілігі мен артықшылықтарын ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасы мен халықаралық шарттары сақталған кезде, іргелі зерттеулер, бірлескен (келісілген) іргелі зерттеулер бағдарламаларының, жобаларының басымдықтарын жүйесін қалыптастыру және сараптау, іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастықтың нормативтік құқықтық базасын үйлестіру саласындағы өз іс-қимылды үйлестіреді, сондай-ақ осы саладағы өзара іс-қимылдың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу жөнінде өзге де шараларды қабылдайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|