«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 67 Қаулысы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 32 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 351 «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4560 тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 483 «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 351 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы жойылсын. 3. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Есқалиевке жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа еңгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|