Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11434 болып тіркелген) сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2955 болып тіркелген, 2016 жылы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар): 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Маңғыстау облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ұсынысымен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындайды.»; Қағидалар осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|