2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 484-бабы екінші бөлігі 1) тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы» 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 2-тармағы үшінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда, өтініш субъектілері К.Е. Аушиновтың, О.А. Майлыбаеваның, М. Кадиржанның және С.Я. Кондратюктің (олардың өкілдері – адвокаттар Т.Е. Қожабековтің, Н.Қ. Жолболовтың, А.Т. Асылбековтің және А.Ж. Кемельхановтың), Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің өкілі – басшының орынбасары А.С. Мусралиновтың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі – вице-министр А.Қ. Мұқанованың, Республикалық адвокаттар алқасының өкілі – төрағаның орынбасары И.О. Вранчевтің қатысуымен, өзінің ашық отырысында К.Е. Аушиновтың, О.А. Майлыбаеваның, М. Кадиржанның және С.Я. Кондратюктің 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 484-бабы екінші бөлігі 1) тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы» 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының (бұдан әрі – Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы) 2-тармағы үшінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтініштерін қарады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|