Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Қабылданды - ҚР 2018 жылғы 5 қазандағы № 183-VІ Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 889 ҚаулысыменҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң стандарттау саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, қағидаттары мен жұмыс істеу жүйесін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ұлттық әскери стандарт - белгілі бір нәрсеге және арнайы пайдалану мақсатында әскери және қос мақсаттағы объектілер үшін қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, оның ішінде мемлекеттік құпияларға жатқызылатын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған стандарттау жөніндегі құжат; 2) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану немесе тұтыну, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері; 3) дайындаушы - тауарды өткізу үшін өндіретін жеке немесе заңды тұлға; 4) өнімнің каталогтық парағы - нақты өнім туралы: оның атауы, дайындаушысы, стандарттау талаптарына сәйкес өнім дайындалатын стандарттау жөніндегі құжат, сондай-ақ осы өнімнің негізгі тұтынушылық сипаттамалары туралы мәліметті алуға мүмкіндік беретін деректемелердің бірыңғай жинағын қамтитын құжат; 5) халықаралық стандарт - халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған, пайдаланушылардың қалың көпшілігі үшін қолжетімді стандарттау жөніндегі құжат; 6) мемлекетаралық стандарт - өңірлік стандарттау ұйымы - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт; 7) уәкілетті орган - стандарттау саласында басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|