Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген байланыс, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев бекіткен 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 20-20/004-527, 04-2012 (7.2.7-тармағы) Мемлекеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік статистикамен синхрондауды қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген байланыс, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Д.Н. Бекманов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қ.Т. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратылуға жатады.
Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 247 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген байланыс, әдістемесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|