Салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды; 2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды; 3) бюджеттік кредитің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етсін. 3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген
Салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|