|
|
|
26.05.2024 Мемлекеттік қызметтің принциптері
Мемлекеттік қызмет ҚР заңдарына сәйкес қабылданған заңға тәуелді актілерден, сондай ақ құқықтық ғылыми мен басқару ғылыми тұжырымдаған нақты негізге алынатын принциптермен негізделеді. Оларға бірнеше принциптер жатады Мысалы: Заңдылық. Бұл ешкімді де тыс қалдырмайтын әмбебап принцип болып табылады. Мемлекет өкімет органдары, лауазымды адамдар ҚР Конституциясын сақтау міндетті. Патриотизм: Отанға деген сүйіспеншілік. Азаматтар құқықтарының бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері аддындағы басымдығы. Мемлекет қызметкерлердің міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындаған үшін көтермелеу. Мемлекет қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде зандардың талаптарын басшылыққа алуға тиіс және саяси партиялардың шешімдеріне байланысты болмауы керек. Мемлекет қызметшілердің құқықтық және әулеметтік қорғалуы. Бұл қызметке кіретін азаматтардың алдындағы мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерін сөзсіз орындау және мемлекеттік қызметшіге заңсыз орындау және мемлекеттік қызметшіге заңсыз тиіспеуге құқықтық кепілдіктері қамтамасыз ету болып түсініледі. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындау барысында заңдардын талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен органдардың шешіміне байланысты емес.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман - сот отырысының хатшысы А.А. Есенбаева
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |