Blockchain технологиясын қолдана отырып, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрі және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 331/НҚ бірлескен бұйрығы
5-тармаққа сәйкес 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сервиске бағдарланған жаңа тәсілдерді байқаудан өткізу үшін БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен Blockchain технологиясын қолдана отырып, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізудің қоса беріліп отырған алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) бекітілсін. 2. Пилоттық жобаға қатысушы екінші деңгейдегі банктер пилоттық кезең аяқталғаннан кейін және өздерінің ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар актісінің болуын; 2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің, өзінің ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (бұдан әрі - АҚЖО) ақпараттық қауіпсіздігі бойынша немесе АҚЖО-ның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара әрекет етуін қамтамасыз ете отырып, АҚЖО көрсетілетін қызметтер болған кезде бірлескен жұмыстар шартының жасалуын; 3) пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін. 3. Келесі бірлескен бұйрықтардың күші жойылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|