Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасында сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев «____» ___________ 2015 жылы
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 1 сәуір 2015 жылы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|