|
|
|
19.07.2021 Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.О. Тастанбаева
Қазақстан Республикасының Медиация Заңын қолданудың өзекті мәселелері
Медиация Заңының өміршеңдігі және халыққа тиімділігі, сот өндірісіндегі даулы мәселелердің оң шешімдермен аяқталғаны, медиаторлар ұйымдарының жасаған тізілім негізінде іріктелген кәсіпқой медиаторлардың және қала, ауыл, селолық округ әкімдер жасаған тізілім негізінде іріктелген медиаторлардың белсенді, адал, салалы, сапалы қызметтері мен еңбектеріне көп байланысты. 2015 жылы қабылданған АПК-нің 179-бабының талабына сай, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаты, егер бұл қосымша процестік әрекеттерді және істі қарауды тоқтата тұруды талап етпесе, кассациялық сатыдағы сотта берілуі мүмкін. Тараптар кассациялық сатыдағы соттағы өтінішхатпен бір мезгілде дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынуға тиіс. Медиатор медиацияны жүргізу туралы өтінішхатты берген және тараптардың медиатормен жасасқан шарты бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға ұсынылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 272-бабының 7) тармақшасына сәйкес бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы судья медиацияны өткізу туралы өтінішхатты берген кезде сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 273-бабының 7) тармақшасына сәйкес он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны істі қарайтын судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі. Тараптар бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды (жанжалды) судьяның немесе медиатордың жәрдемдесуімен медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. Медиацияны өткізетін судья медиация өткізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды. Судья медиацияны «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып өткізеді. Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі. Сот тараптардың өтінішхаты бойынша медиация рәсімін осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа тұлғалардың қатысуы дауды реттеуге ықпал етсе, оларды медиацияға шақыруға құқылы. Сотта медиацияны өткізу хаттамасы жүргізілмейді. Егер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады. Осы Кодекстің 180-бабында іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығаратыны. Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және осы Кодекстің 179, 180-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиістігі. Егер тараптар медиация тәртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе келісімнің шартын сот бекітпесе, істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізеді. Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сот бекіткен келісімді орындау осы Кодекстің 179-бабында белгіленген татуласу келісімін орындау қағидалары бойынша жүргізілетіні айқындалған. Дауласушы тараптар дауды медияция арқылы шешуге келісімдері болып, жазбаша нысандағы рәсімделген медияция туралы шарт жасайды. Тараптар бітімге келіп дауды реттеу келісіміне қол қойған уақыттан бастап, медиатор дауды медияция арқылы шешуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, тараптар дауды медияция арқылы шешуге мүмкін емес болып бас тартқан жағдайда немесе тараптың бірі медияцияны жалғастырудан бас тартса сол мерзімнен бастап медияция жүргізілу тоқтайды. Тараптар бітімге келіп, дауды реттеу келісіміне қол қойған келісім құжаты аазаматтық істі қарап жатқан судьяға жіберіліп ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіптерімен сот өндірісіндегі істің шешімі бекітіліп қортындыланады және мемлекеттік баж ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен баж төлеген адамға қайтарылады. Осы Медияция Заңының дауласушы адамдардың қоғамымызда берекелі, жайлы, тыныш өмір сүрулеріне орасан тиімділігі болатынын көпшілік қауым ұғынып, өз ретімен жүргізілуіне бәріміз болып белсенділік жасасақ. Қазіргі уақытта татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге мүдделі етуге, қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге оң ықпал ететін аталмыш заң қарқынды жалғасуда. Сөз соңында айтарым аталған заң, өркениетті елдердегідей бейтарап медиаторды тарту арқылы істі бітімге келтіріп, заманауи құқықтық жүйенің дамуына ықпал етуі тиіс. Заңның қолданылуы енді-енді адымдай бастады десек орынды болады. Елбасы осы мәселеге улкен зер салып, медиация тәсілі адам құқықтарын ең қымбат қазынасы ретінде қастерлейтін мемлекеттің алғышарты болуы тиіс екенін айтты. Сондықтан, медиация институтының дамуына мемлекеттік билік органдары барынша қолдау көрсетіп, институттың кең құлаш жаюына ықпал етуі қажет. Өйткені медиацияның біздің елімізде болашағы зор. Оны бірдеңгейде қолдасақ, медиация сот жүйесіне жүгінетін тараптарға игі әсерін тигізері анық.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |