Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 233-н/қ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|