Реттеушілік актілерді қайта қарау және кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 157 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 83-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес реттеушілік актілерді қайта қарау және кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы білім беру саласындағы реттеуші актілерге талдау жасасын, реттеуші мемлекеттік органдардың жаңа реттеушілік саясаттың реттеушілік актілерге сәйкестігін қайта қарасын және реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізу үшін реттеуші актілердің түпкілікті тізбесін әзірлесін. 3. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Көбенова Г.И.) Заң департаментімен (Кинжебаева А.К.) бірлесіп жұмыс тобының жұмыс тобының қызметін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 157 бұйрығына қосымша
Реттеушілік актілерді қайта қарау және кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|