Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|