2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы
«Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова): 1) 2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - ғылыми конкурс) өткізілуін ұйымдастырсын; 2) ғылыми конкурстың үшінші кезеңін 2018 жылдың желтоқсан айының соңына дейін өткізсін; 3) Алматы қаласы білім басқармасымен (Г.М. Ходжабергенова келісім бойынша) бірлесе отырып ғылыми конкурстың төртінші кезеңін 2019 жылғы 13-16 ақпанда ұйымдастырсын және өткізсін. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2018-2019 оқу жылында ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін. 3. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары (келісім бойынша), республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (келісім бойынша): 1) ғылыми конкурстың өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітсін; 2) ғылыми конкурстың екінші кезеңін 2018 жылдың 12 желтоқсанына дейін өткізсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|