Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Степногорск қалалық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4444 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»; көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.»; 2-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 7С-19/5 шешіміне қосымша
Степногорск қалалық мәслихатының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|