Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 69 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі. Кодексінің 7-бабы 68) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік нормативін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізсін және стационарлық пен амбулаториялық-емханалық ұйымдарды одан әрі дамыту жөніндегі тәсілдерді әзірлесін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 69 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|