Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 284 қаулысына 1-қосымша
Осы редакция 2018 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
1. Жалпы ережелер
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің білім бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижелерiн беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және оның қалалар мен аудандардағы бөлімдері (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген) бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы анықтама. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметтті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|