Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы «Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 38-211 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 38-211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4975 тіркелген, 2019 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 433 499 273 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсiмдер 33 809 312 мың теңге; салықтық емес түсiмдер 1 661 831 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер 12 000 мың теңге; трансферттер түсімдері 398 016 130 мың теңге; 1)шығындар 432 367 862 мың теңге; 2)таза бюджеттік кредиттеу 7 644 485 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 13 049 842 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 5 405 357 мың теңге; 3)қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 3 842 746 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу 3 842 746 мың теңге; 4)бюджет тапшылығы (профициті) (-) 10 355 820 мың теңге; 5)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 10 355 820 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|