Осы редакция 2019 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.25.05. № 248 бұйрығымен 7-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына 7-қосымша
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгiлік қағидалары (2018.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Қағидалар «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) және «Білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10283 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді және Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы (бұдан әрі - Орталық) қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені; 2) баланың заңды өкілдері - ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|