«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы (2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.20.07. № 218 бұйрығымен (2023 ж. 7 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 94 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Цифрлық даму және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін; 3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармалары және білім беру ұйымдары осы бұйрықтың қолданылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|