|
Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы (2023.04.04. берілген өзгерістермен)
«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша): 1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін; 2) жылына екі рет, 5 шілдеге және 5 қаңтарға қарай, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жылына екі рет, 15 шілдеге және 15 қаңтарға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына беріп тұрсын. ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне беріп тұрсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|