«Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 226 Қаулысымен күші жойылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 20-бабы 17-3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына (2016 жылғы 19 сәуір «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3675 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|