Осы редакция 2017 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 19-1/615 бұйрығына 3-қосымша
«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - электрондық және (немесе) қағаз нысанындағы су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11765 тіркелген) бекітілген «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес қағаз немесе электрондық тәсілмен құжаттары қоса берілетін өтініштің (бұдан әрі - өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|