|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 100-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат): 88-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама» деген сөздер «еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ немесе анықтама» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат): бірінші бөліктің екінші абзацында: «белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын; «төрт жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын; «бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын; «сегіз» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат): екінші бөліктегі «402 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын; он алтыншы бөлік «400,» деген цифрлардан кейін «402 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын. 4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120, 122, 123, 127-құжаттар): 1) 90-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Еңбек саласында қызметкердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы алу құқығын бұзудан көрінген кемсітушілікке жұмыс берушінің» деген сөздер «Жұмыс берушінің еңбек саласында жұмыскердің бірдей еңбек үшін бірдей ақы алу, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдай жасалу құқығын бұзудан көрінген кемсітушілікке» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 93-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жұмыскерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, білімін тексеруден өткізу жөніндегі талаптарын орындамауы -». 5. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 20-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «20-1-бап. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және олардың өкілеттіктері»; 40-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «40-бап. Жұмыскерді іссапарға жіберу»; 47-баптың тақырыбындағы «(қатысу үлестерінің)» деген сөздер «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын; 130-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері»; 140-баптың тақырыбы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 1-баптың 1-тармағында: 7) тармақшадағы «реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған» деген сөздер «, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «16) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер;»; мынадай мазмұндағы 32-1) және 35-1) тармақшалармен толықтырылсын: «32-1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі - еңбекті қорғау жөніндегі саясатты іске асыру, еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау, кәсіптік тәуекелдерді басқару жөніндегі өзара байланысты іс-шаралар кешені;»; «35-1) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі - еңбек шарттарын, жұмыскерлердің еңбек қызметі мен санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;»; 44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «44) жұмыскерлердің өкілдері - кәсіптік одақтар және олардың бірлестіктері, ал олар болмаған кезде осы Кодексте көзделген жағдайларда жұмыскерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердің (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен сайланған және уәкілеттік берілген сайланбалы өкілдер;»; мынадай мазмұндағы 51-1), 51-2), 51-3) және 66-1) тармақшалармен толықтырылсын: «51-1) кәсіптік тәуекел - еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің еңбекке жарамды болуынан айырылу (не қайтыс болу) тәуекелі; 51-2) кәсіптік тәуекелдерді басқару - кәсіптік тәуекелдерді сәйкестендіруді және бағалауды, түзету шараларын, кәсіптік тәуекелді бақылауды және оның мониторингін қамтитын, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі; 51-3) кәсіптік тәуекелді бағалау - ұйымдағы тәуекелдерді сәйкестендіру туралы ақпаратты талдау және науқастану мен өндірістік жарақаттану, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу туралы статистикалық деректер негізінде кәсіптік тәуекел дәрежесін айқындау;»; «66-1) өндірістік-тұрмыстық жағдайлар - жұмыскердің жұмыс орнында, оның ішінде вахталық жұмыс әдісі кезінде болуы үшін қажетті, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тынығу және тамақтану үшін жағдайлармен қамтамасыз етуді қамтитын еңбек жағдайлары;»; 76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «76) тәртіптік теріс қылық - жұмыскердің өз еңбек міндеттерін құқыққа қарсы, кінәлілікпен орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзуы;»; 3) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жұмыс берушінің актілері жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.»; 4) 15-баптың 5) тармақшасындағы «бірлестіктерімен және» деген сөздер «бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 16-бапта: 27) тармақшадағы «тыйым салынатын» деген сөздер «шектеу қойылатын» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «30) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;»; 33) тармақшадағы «, емдік-профилактикалық тағам» деген сөздер «және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер» деген сөздермен ауыстырылсын; 34) тармақшадағы «мемлекеттік», «, емдік-профилактикалық тағам» деген сөздер тиісінше «бюджеттік», «және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3), 41-4), 41-5), 41-6), 41-7) және 41-8) тармақшалармен толықтырылсын: «41-1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; 41-2) кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 41-3) еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін әзірлейді және бекітеді; 41-4) Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін әзірлейді және бекітеді; 41-5) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 41-6) қаупі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 41-7) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде қамтылған жұмыскердің дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді; 41-8) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер береді;»; 6) 17-бапта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) өндірістік жарақаттану себептеріне талдау жүргізеді және оның профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»; 5) тармақша алып тасталсын; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;»; 7) 18-баптың 5) тармақшасындағы «бірлестіктерімен және» деген сөздер «бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жұмыскерлердің мүдделерін «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған кезде сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді. Егер кәсіптік одақтарда жұмыскерлердің мүше болуы ұйым жұмыскерлері штат санының жартысынан аз болса, онда жұмыскерлердің мүдделерін кәсіптік одақтар мен сайланбалы өкілдер білдіре алады. Егер осы ұйымда кәсіптік одақ құрылған болса, кәсіптік одақтың қатысуынсыз жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында ұжымдық келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.»; 9) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын: «20-1-бап. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және олардың өкілеттіктері 1. Жұмыс берушілердің ерікті негізде жұмыс берушілердің бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын) құруға және оларға кіруге құқығы бар. 2. Жұмыс берушілердің мүдделерін осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді. 3. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік әріптестік тетіктері арқылы: 1) еңбек саласындағы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру; 2) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардағы жұмыс; 3) келісімдерді әзірлеуге қатысу және оларды жасасу; 4) жеке еңбек дауларын қарау кезінде келісу комиссиясының, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде татуластыру комиссиясының және еңбек төрелігінің құрамында қатысу; 5) еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жұмыскерлердің өкілдерімен консультациялар мен келіссөздер арқылы білдіреді.»; 10) 22-баптың 1-тармағында: 1) тармақшадағы «және бұзуға» деген сөздер алып тасталсын; 2) тармақша «шарттардың» деген сөзден кейін «, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің» деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау үшін бірігуге;»; 10) тармақша «еңбек» деген сөзден кейін «(қызметтік)» деген сөзбен толықтырылсын; 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «15) қандай да бір кемсітусіз, бірдей еңбек үшін бірдей ақыға, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайларға; 16) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;»; 24) тармақшадағы «қамтамасыз етуге құқығы бар.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын: «25) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен еңбек шарты және өзінің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.»; 11) 23-бапта: 1-тармақта: 4) тармақша «бірлестіктер» деген сөзден кейін «(қауымдастықтар, одақтар)» деген сөздермен толықтырылсын; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;»; мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен үміткерлердің (олардың алдын ала келісімімен) және жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.»; 2-тармақта: 19) тармақшадағы «тәуекелдерді» деген сөз «кәсіптік тәуекелдерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) тармақшадағы «жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26), 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын; «26) осы Кодексте белгіленген тәртіппен келісу комиссиясын құруға; 27) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге; 28) қандай да бір кемсітусіз, жұмыскерлерге бірдей еңбек үшін бірдей ақы, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз етуге міндетті.»; 12) 26-баптың 2-тармағында: 1) тармақшадағы «(қатысу үлестерінің)» деген сөздер «(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшада: «тыйым салынатын» деген сөздер «шектеу қойылатын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жұмыс беруші Әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізіміне енгізілген жұмыстарға (кәсіптерге, лауазымдарға) әйелдерді жұмысқа орналастыру туралы шешімді еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалған кезде қабылдауға құқылы.»; 13) 30-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында: төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты көп дегенде екі ретке ұзартылуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақшаның төртінші және бесінші бөліктерінің ережелері дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының шетелдік жұмыскерлеріне қолданылмайды.»; 14) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.»; 15) 32-бапта: 1-тармақта: 1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік) қажет.»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші осы бапта көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.»; 16) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізілуі мүмкін.»; 17) 35-бапта: 3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;»; «5) жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);»; 8) тармақшадағы «анықтама жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.» деген сөздер «анықтама;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болуы мүмкін.»; 18) 36-баптың 1-тармағындағы «шартының қолданылуы басталған кезден» деген сөздер «шартында көрсетілген жұмыс басталған күннен» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 37-баптың 2-тармағындағы «тараптардың ешқайсысы» деген сөздер «жұмыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша бас тартқан жағдайда не жұмыскердің жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша бас тартуды беруден бас тартуын куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.»; 21) 40 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «40-бап. Жұмыскерді іссапарға жіберу 1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді қоспағанда, жұмыскердің (іссапарға жіберілгеннің) басқа заңды тұлғада (оның филиалдарын, өкілдіктерін және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерін қоса алғанда), сондай-ақ сол заңды тұлғаның филиалдарында, өкілдіктерінде және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде еңбек шартында келісілген белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым (еңбек функциясы) бойынша не басқа лауазым, мамандық, біліктілік бойынша жұмысты орындауы жұмыскерді іссапарға жіберу деп түсініледі. Белгілі бір міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мынадай қабылдаушы тараптарға жұмыскерлерді: 1) жұмыс берушінің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын, сондай-ақ жұмыс беруші-заңды тұлғаның акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның филиалдарына, өкілдіктеріне және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне); 2) акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) жұмыс беруші-заңды тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның филиалдарына, өкілдіктеріне және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне); 3) акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) жұмыс беруші-заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде иеленетін тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның филиалдарына, өкілдіктеріне және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне) іссапарға жіберуге жол беріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |