Қазығұрт ауданы «Қырман» су пайдаланушылар селолық тұтыну кооперативінің сумен жабдықтау қызметіне уақытша өтемдік тариф бекіту туралы
6-тармаққа сәйкес 2015 жылғы 1 тамызына дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 115-НҚ бұйрығымен бекітілген «Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы» қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазығұрт ауданы «Қырман» су пайдаланушылар селолық тұтыну кооперативінің сумен жабдықтау қызметіне: - осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша өтемдік тариф прейскуранты; - осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тарифтік сметасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 32-Т «Қырман» су пайдаланушылар селолық тұтыну кооперативінің су шаруашылығы (ағын су) қызметіне 2009 жылға тарифін және тарифтік сметасын бекіту туралы» бұйрығының қолданылуы осы бұйрықтың қолданыста болатын уақытына тоқтатылсын. 3. Қазығұрт ауданы «Қырман» су пайдаланушылар селолық тұтыну кооперативі сумен жабдықтау қызметіне уақытша өтемдік тариф бекітілгені туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етсін. 4. Табиғи монополиялар және бағаларды реттеу бөлімі (С.Б. Бопова) осы бұйрықты Қазығұрт ауданы «Қырман» су пайдаланушылар селолық тұтыну кооперативінің назарына жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау департамент басшысының орынбасары М.Р. Нышамбаевқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық 2014 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 тамызына дейін қолданыста болады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|