|
|
|
24.05.2021 Мемлекеттік қызмет принциптері
Мемлекет басшысының саяси еркі мен жаһандық бастамаларының арқасында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іс жүзінде жүзеге асырылуына және институционалды реформаларына, Қазақстанда қазіргі заманғы жаңа сұрауларды шешуге жағдайлар жасалды. Президент алдағы онжылдыққа елді дамытудың түбегейлі жаңа моделін қалыптастырудың басты міндетін қойды. Ол үшін кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасы жүргізіледі. Қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекеттік қызмет жүйесі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет «қоғамға қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс. Мемлекеттік қызмет оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаттарына негізделеді: 1) заңдылық; 2) қазақстандық патриотизм; 3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; 4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы; 5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық; 6) азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы; 7) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі; 8) мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі; 9) меритократия - мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету; 10) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төмен тұрған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін міндеттілігі; 11) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі; 12) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы; 13) әдептілік; 14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік; 15) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру; 16) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы; 17) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекақыны тең төлеу; 18) мемлекеттік қызметшілерді лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу; 19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы; 20) мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы; Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. Осылайша, мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптастырудың нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік қызмет болмақ.
Қарағанды облысының мамандандырылған экономикалық сотының сот приставы А. Абдрахманов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |