|
|
|
02.06.2023 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған дөңгелек үстел
1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді және 2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы «ҚР Конституциялық заңы қабылданды. Содан бері бұл күн жыл сайын қабылданған заңға сәйкес жаңа мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде бәріміз үшін басты мерекелердің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 2 маусымында дөңгелек үстел өткізуді ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы қаласының мемлекеттік органдарының, жоғары оқу орындарының, білім беру және медициналық мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты. Алатау және Наурызбай ауданы бойынша аумақтық бөлімінің басшысы Шыңғысхан Талғатұлы құттықтау сөз сөйледі. Аталған іс-шараның мақсаты Азаматтыққа және патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну болып табылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихын талқылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны белгілеу және орналастыру ережелері бойынша Департамент мамандары түсірген бейнероликті, сондай-ақ қоғамдағы мемлекеттік рәміздерді бейнелейтін құндылықтарды нығайту мәселелерін қарады.
Круглый стол, посвященный Государственным символам Республики Казахстан
4 июня 1992 года были впервые утверждены новые государственные символы независимого Казахстана и 4 июня 2007года был принят Конституционный закон РК «О государственных символах Республики Казахстан». С тех пор этот день в соответствии с принятым законом ежегодно, считается одним из главных праздников для всех нас как день рождения новой государственной символики - Флага, Герба и Гимна. Ко дню государственных символов Республики Казахстан, Департаментом комитета технического регулирования и метрологии по г. Алматы совместно с Управлением внутренней политики Акимата города Алматы проведен круглый стол. В мероприятии приняли участие представители государственных органов, высших учебных заведений, образовательных и медицинских учреждений и организаций города Алматы. С приветственным словом выступил руководитель территориального отдела по Алатаускому и Наурызбайского района УОР города Алматы Шынғысхан Талғатүлы. Целью данного мероприятия является воспитания гражданственности и патриотизма, любви к своей Родине Республики Казахстан, формирование уважения к Государственным Символам Республики Казахстан, а также понимания их сущности и значения. Участники круглого стола обсудили историю государственной символики, посмотрели видеоролик снятый специалистами Департамента, согласно требованию утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан по Правилам установления и размещения Государственного Флага, Государственного Герба, а также вопросы укрепления ценностей, изображающих государственную символику в обществе. По итогам круглого стола состоялся открытый диалог и продуктивный обмен мнениями.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |