|
|
|
31.10.2023 Әдеп кодексін сақтау- мемлекеттік қызметшінің басты міндеті
ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің әдептік қағидаттары адал ниеттілік, адалдық, әділдік,ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану секілді ұғымдардан тұрады. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметші қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет етуі, өз іс- қимылының ашықтығын қамтамасыз етуі, халықтың сұранысына толықтай бағдарлануы, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыруы тиіс дегенді білдіреді. Қағидаттардан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің алдында белгіленген талаптары болады. Бұл қарапайым болу, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру, азаматтармен қарым- қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір- қасиетін кемсіту, әділетсіздік және бейәдеп мінез- құлық фактілеріне жол бермеу, іскерлік әдеп пен мінез- құлық қағидаларын сақтау, құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау және т.б. секілді стандарттардан тұрады. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде әріптестерімен қызметтік қарым- қатынаста жол бермеуге тиіс әрекеттері, оның әдеп стандарттары мен әдептік қағидалары анық бекітілген. Осының негізінде, егер әрбір мемлекеттік қызметші әдеп талаптарын мүлтіксіз ұстанып, орындаса, бұл мемлекеттік қызметтің дамуына орасан зор үлесін қосар еді. Сол себептен, Әдеп кодексін сақтау- мемлекеттік қызметшінің басты міндеті деп білемін.
Қарағанды облысының МАЭС бас маман- сот отырысының хатшысы А.А. Есенбаева
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |