COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді немесе оған күдік болған кезде емдеуге жатқызу үшін Қазақстан Республикасындағы кейбір стационарлардың тізбесін бекіту туралы (2020.23.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - КВИ) таралуының алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 3-1-тармағына сәйкес айқындалған денсаулық сақтау субъектілері арасында КВИ бар пациенттерді немесе оған күдік болған кезде емдеуге жатқызу үшін Қазақстан Республикасындағы кейбір стационарлардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (келісім бойынша): 1) Тізбеде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын ескере отырып, КВИ бар/оған күдік болған кезде пациенттерді емдеуге жатқызуды; 2) «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығымен көзделген Тізбеде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|