«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6074 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 201 565 950,6 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 19 250 003,3 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3 449 398,6 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 30 306,7 мың теңге; трансферттер түсімі - 178 566 242,0 мың теңге; 2) шығындар - 197 167 371,1 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 736 887,0 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 12 068 681,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 331 794,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 5 205 554,0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 5 205 554,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 543 861,5 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 543 861,5 мың теңге.»; 10-тармақ алынып тасталсын; аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|