Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 2/190 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/391 Қаулысымен күші жойылды
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - фармацевтикалық қызметке лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралыдәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензияны қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, лицензия басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мөрімен және қолымен куәландырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі стандарттың 4 тармағында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 7 тармағына сәйкес лицензиялық алым алынады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|