Осы редакция 2020 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 7-қосымша
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖБС) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі - ЖОО), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі - ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. 2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды; 2) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер - ұлттық қауіпсіздік жүйесінде кәсіби қызметті және құқық қорғау органдарында тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды; 3) бакалавриат - кемінде 240 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі; 4) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) - білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|