|
|
|
26.01.2024 Қарыз шарттарынан туындайтын даулар туралы
Сансыз даулар санатының бірі ретінде банктер (кредитор) мен қарыз алушы (азаматтық және заңды тұлғалар) арасында жасалған банктік заем шарттары жөніндегі дауларды бөліп қарастыруға болады. Шарттық қарым-қатынас жасай отырып банктер өз қаржы-қаражатын әртүрлі қатерге тігеді. Олардың бірі - қарыз алушының қарызды қайтару жөніндегі шартты орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, оны қолданғаны үшін сыйақыны төлемеу. Банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды қарау кезінде соттар осы құқықтық қатынастар туындаған сәтте қолданылатын заңнамаларды басшылыққа алуы тиіс. Яғни, банктік қарыз шарттарынан туындайтын қатынастарды реттейтін азаматтық заңнама: Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444, «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-ІІ, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Қазақстан Республикасының заңдарынан, «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49, «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау және «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының қаулыларынан және басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Соттар банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды шеше отырып, шартты жасасу кезінде қолданылып отырған заңнамада белгіленген тараптар үшін міндетті қағидаларға (императивтік нормаларға) сәйкес келуін және банктік қарыз шартының талаптарын мұқият зерттегені жөн. Егер шарт жасалғаннан кейін шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелер заңдармен белгіленген болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгілегендегіден басқа жағдайларда, өз күшін сақтайтынын ескеру қажет (АК-нің 383-бабы). Нормативтік құқықтық актінің немесе бөлігінің кері күші оның өзінде немесе нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу туралы актіде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шарттарынан туындайтын қатынастарды реттеу тәртібіне өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін нормативтік құқықтық акт оны қолданысқа енгізгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша соттар олардың заңдылығын және негізділігін мұқият тексеруге, негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы бойынша берешек есептерінің дұрыстығын зерттеуге тиіс. Қажет болған жағдайда сот арнаулы білімі бар мамандарды істі сот талқылауына дайындау сатысында да, сот отырысының барысында да тарта алады (АПК-нің 77-бабы). Соттар тараптардың уәждерін зерттеу кезінде банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының басқару органы бекітетін Ішкі кредит саясаты туралы қағидалардың ережелерін ескеруге тиіс (Банктер туралы заңның 34-бабының 8, 9, 10, 11-тармақтары). Банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде шарттардың тиісті ресімдеуіне назар аудару, негізгі және келесі міндеттемелердің шарттарын, оның ішінде құқық беру, міндеттеме қатысушыларының құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында борышкердің міндеттемелерінің бұзылуына әкеліп соқтырған себептерді, міндеттемелерді бұзу үшін жауапкершілік негіздемесінің болуын немесе болмауын мұқият зерделеу қажеттілігін айту жөн.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Елеуов Т.Қ.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |