«Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 690 қаулысын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12608 тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында: Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшерлерінде: реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: «
» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|