|
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы (2024.10.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 »Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін. 2. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.О. Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 79 »Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3287 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 наурызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|