6) жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін міндетті түрде дезинфекцияланып жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады; 7) әрбір объектіде есептік қажеттілікке, шүберекке, жинау мүкәммалына қарай дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қоры болады; 8) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы жерде тығыз жабылған күйінде сақтайды. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін жазылған. 7. Кабиналарға, жеке залдарға келушілердің әрбір брондауының арасында желдету, ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу үшін кемінде 40 минут үзіліс сақталуы қажет. 8. Конкурстарды (келушілердің үстелінде өткізілетін интерактивті конкурстардан басқа) өткізуге жол берілмейді. 9. Жалпы караоке залдарын қоса алғанда, клубтардың би алаңдарында жаппай билеуге жол берілмейді. 10. Караоке-кабиналар үшін жаңа кейінгі қонақтарды әрбір отырғызғаннан кейін микрофондарды құрамында спирті бар дезинфекциялау құралдарымен өңдеуді қамтамасыз ету қажет. 11. Караокенің жалпы залдарында келушілерге (әрбір келушіден кейін құрамында спирті бар дезинфекциялау құралын алдын ала өңдей отырып) әндерді (планшетті) таңдауға арналған микрофон мен құрылғыны «үстелден үстелге» беруге тек объект қызметкеріне ғана рұқсат етіледі. 12. Тамақтану және ән айту кезінде масканы шешуге рұқсат етіледі. 13. Банкет залдарының толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен жүзеге асырылады. Келушілер санын шектеу Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында белгіленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 46-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде лотерея клубтары мен лотерея билеттерін өткізу жөніндегі өзге де нүктелердің, букмекерлік конторалардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Жалпы талаптар
1. Объектілердің қызметіне Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес жол беріледі. 2. Объектілердің қызметіне мынадай шарттар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі: 1) 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен толтыру кезінде. 2) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) қолдана отырып, күрделі жинауды жүргізу; 3) дене температурасы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, қызметкерлердің және келушілердің дене температурасын жанасусыз тәсілмен өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып бақылау. Көрсетілген симптомдар болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді; 4) әлеуметтік қашықтықты (келушілер арасында кемінде 2 метр) сақтай отырып, келушілерді отырғызу; 5) маска міндетті түрде болған кезде қызметкерлер мен келушілердің нысанға кіруі; 6) жауапты адам келушілердің, қызметкерлердің маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын міндетті түрде қадағалайды; 7) нысан қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, қызметкерлердің маскасіз жұмыс істеуіне жол берілмейді; 8) жұмыс орындарын, жанасатын беттерді, жиһазды, лотерея жұптарын, терминалды және тіректерді әрбір келушіден кейін құрамында спирт бар тазалау құралдарымен жинау және дезинфекциялау; 9) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл таспалар салу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға жол бермеу; 10) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, келушілерді орналастыру жоспарын әзірлейді және кіреберісте орналастырады; 11) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту; 12) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі. 13) табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі. 3. Объектінің иесі мыналарды қамтамасыз етуі керек: 1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам (температураны өлшеу, қызметкерлерге нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама беру журналын жүргізу, маскалерді, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен жарақтарды өңдеу, үй-жайларды жинау); 2) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату. 3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау, кварц шамдарын мүлтіксіз сақтау үшін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама өткізу; 4) жеке гигиена құралдары (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) бар санитариялық тораптар; 5) уақытында ауыстыруды қамтамасыз ете отырып, қолды антисептиктермен өңдей отырып, халыққа маска киіп қызмет көрсету. Бір рет қолданылатын қолғаптарды ауысымына кемінде екі рет ауыстыра отырып және бүтіндігі бұзылған кезде тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын қызметкерлер пайдаланады; 6) пайдаланылған маскалер мен қолғаптарды таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптарға) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату; 7) техникалық қызметкердің (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі; 8) жинау жарақтарын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін тиісінше сақтау; 9) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, жарақтарды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (тамақ қабылдау, демалыс, санитариялық тораптар бөлмелері) міндетті дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау жүргізу; 10) үй-жайларды жинауға, қолды өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, қызметкерлерге арналған жеке қорғаныш құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы; 11) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберу; 12) дезинфекциялау құралдарын балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы жерде тығыз жабылған жерде сақтау. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін жазылған. 4. Лотерея билеттерін сатуға арналған аппараттар (терминал, лотерея жұптары) жұмыс күні ішінде кемінде 3 рет дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
Согласовано 02.09.2021 16:13 Кожапова Роза Абзаловна 02.09.2021 16:13 Естекова Гульмира Абдигалиевна 02.09.2021 16:14 Рахимжанова Марал Тлеулесовна 02.09.2021 16:15 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна Подписано 02.09.2021 16:45 Киясов Ерлан Ансаганович
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |