|
«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тарифтерді қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді, әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар: 1) табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеудің шығындық, ынталандыру және индекстеу әдістерін қамтитын тарифті есептеудің тетігі; 2) уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібін; 3) тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібін; 4) инвестициялық бағдарламаны және оның өзгерістерін бекіту тәртібін; 5) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тарифті белгілеу тәртібін; 6) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібін; 7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібін; 8) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|