Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекараларын өзгерту және Абай облысының шекарасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер – Абай облысының құрамына берілетін жалпы ауданы 18536,6 мың гектар Семей және Курчатов қалаларын, Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандарын шығару жолымен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік – жалпы ауданы 11000 гектар Курчатов қаласын шығару жолымен Павлодар облысының шекарасы өзгертілсін. 2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер – Семей және Курчатов қалаларын, Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандарын қосу жолымен жалпы ауданы 18547,6 мың гектар Абай облысының шекарасы белгіленсін. 3. Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 529 қаулысына 1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысының схемалық картасы
Шығыс Қазақстан облысы шекарасының сипаттамасы
Жалпы ауданы 9785,9 мың гектар Шығыс Қазақстан облысының аумағы Өскемен және Риддер қалаларының, Алтай, Самар, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының шекаралары шегінде орналасқан, шекаралар мынадай болып белгіленген: солтүстік шекара Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы бойымен өтеді; батыс шекара Абай облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың шекаралары бойымен өтеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|