|
|
|
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 217 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Субсидиялар көлемін қалыптастыруды және бөлуді ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген субсидиялардың түрлері мен нормативтеріне сәйкес аудандардың/қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ағымдағы жылға арналған субсидиялар көлемдерінің қажеттілігі туралы ақпараттың негізінде, өткен жылғы субсидиялардың жиынтық көлемдерін және бюджет қаражатының болуын ескере отырып жүзеге асырады. Ұсынылатын субсидиялар көлемдеріне тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей ЖАО басшысының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-сы қойылады және СМАЖ арқылы Министрлікке келісуге жіберіледі.»; 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Қосымша қаражат бөлінген немесе бұрын келісілген бюджет қысқартылған кезде, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) мәслихаттың тиісті шешімін және әкім орынбасарының қолы қойылған жазбаша негіздемені қоса бере отырып, осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен субсидиялар көлеміне тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |