3. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешім туралы және оған одан әрі шағым жасау тәртібі туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.
20-7-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің нысаны мен мазмұны 1. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімде: 2) шағымды қарайтын жоғары тұрған мемлекеттік органның (жоғары тұрған лауазымды адамның) атауы; 3) шағым берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның толық атауы; 4) жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға (филиалы мен өкілдігі) үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі; 5) лауазымды адамның шағым жасалып отырған әрекетінің (әрекетсіздігінің) немесе мемлекеттік органның шағым жасалып отырған актісінің (шешімінің) қысқаша мазмұны; 7) жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағым бойынша шешім шығарған кезде басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтемелермен бірге негіздеме көрсетілуге тиіс. 2. Шешімде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды мәні бойынша шешу үшін маңызы бар, сондай-ақ қабылданған шешімге негіз болған өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
5-тарау. Экономика саласында шешімдер қабылдаудың негізгі рәсімдері
21-бап. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қойылатын негiзгi талаптар 1. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерi: 1) жария және ашық (заңдармен белгiленген шектерде) болуға; 2) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге қатысатын, мемлекеттің жұмыстарын атқаруға және қызметтер көрсетуге, тауарлар сатуға, кредиттер алуға үмiткер азаматтар мен ұйымдарға қатысты тендерлiк бастауларға негiзделуге; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) меншiк нысанына және өзге де мән-жайларға қарамастан, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң заң тұрғысынан теңдiгi принципiне негiзделуге; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәжді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда рұқсаттардың автоматты түрде берілетіндігін қамтуға тиіс. 2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар: 1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын бөлуге (оның iшiнде мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру мен мемлекеттік сатып алу кезiнде), кредиттiк ресурстарды бөлуге; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) рұқсаттар беруге; 3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар беруге; 4) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге; 5) мемлекеттік активтердi басқаруға байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қолданылады. 22-бап. Экономикалық шешiмдер қабылдау саласындағы шектеулер мен тыйымдар Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнде: 1) мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуына; 2) тауарлар мен қызметтер рыногындағы бәсекенi шектеуге немесе жоюға; 3) табиғи монополияларды және заң актілерінде көзделген жағдайларда қызметтiң жекелеген түрлерiне мемлекет монополиясын қоспағанда, жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң рыноктағы монополиялық жағдайына; 4) заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының біртұтас рыноктық кеңiстiгi шегiнде капиталдың, еңбек ресурстары мен тауарлардың еркiн қозғалуына кедергiлер белгiлеуге; 5) ел экономикасындағы қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн негiзсiз төмендетуге жол бермейтiн тыйымдар мен шектеулер көзделуге тиiс.
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара ) 23-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Осы Заңның өзге нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы 1. Осы Заңның ережелерi әкiмшiлiк рәсiмдердiң жекелеген түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау үшiн негiзгi ережелер болып табылады. 2. Осы Заңға сәйкес жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібі туралы заңдарда осы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру тәртібінiң ерекшелiктерiн айқындайтын әкiмшiлiк рәсiмдер белгiленуi мүмкiн. 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгізiледi, осы мерзiм iшiнде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өздерiнiң әкiмшiлiк рәсiмдердi регламенттейтiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілерін осы Заңға сәйкес келтiруге тиiс.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2000 жылғы қарашаның 27-і. № 107-II
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Осы Заңның қолданылу шектерi3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ФУНКЦИЯЛАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКIЛЕТТIКТЕРДI ЖYЗЕГЕ АСЫРУЫ КЕЗIНДЕ ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕСIМДЕУ4-бап. Мемлекеттiк органдардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы5-бап. Құқықтық актілерге және олардың ресiмделуiне қойылатын талаптар6-бап. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру мен бақылау7-бап. Мемлекеттік органның құқықтық актісінің, Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі8-бап. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ РӘСIМДЕРI9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау9-1-бап. Регламент, мемлекеттік орган және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже10-бап. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет11-бап. Алқалы мемлекеттiк органдардың қызметi12-бап. Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi12-1-бап. Мерзімдерді есептеу13-бап. Ақпарат алмасуға қойылатын талаптар14-бап. Қызметтік құжаттардың орындалуына ішкі бақылау 4-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ РӘСIМДЕРI15-бап. Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiне қойылатын талаптар15-1-бап.15-2-бап.15-3-бап.16-бап. Азаматтардың өтiнiштерi17-бап. Азаматтың өтiнiшiн қарау нәтижелерi туралы шешiмге шағым жасау18-бап. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiштерi19-бап. Жеке қабылдау20-бап. Азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын жүргізу 4-1-тарау. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым жасау20-1-бап. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымдарды қарайтын органдар20-2-бап. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру тәртібі мен мерзімдері20-3-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны20-4-бап. Шағымдарды қараудың жалпы қағидалары20-5-бап. Шағымның берілуіне байланысты лауазымды адамның әрекетін, мемлекеттік орган актісінің (шешімінің) орындалуын тоқтата тұру20-6-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдер20-7-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің нысаны мен мазмұны 5-тарау. ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДА ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ НЕГIЗГI РӘСIМДЕРI21-бап. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қойылатын негiзгi талаптар22-бап. Экономикалық шешiмдер қабылдау саласындағы шектеулер мен тыйымдар 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР |