Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің
Осы редакция 2015 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 ж. 22 мамырдағы №141-III ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгі принциптерi мен шарттары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімдi, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға алу шартын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың табиғи бақытсыздықтардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімдi, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы «Байқоңыр» кешенiн Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөніндегі 1997 жылғы 4 қазандағы келісімдi басшылыққа ала отырып, «Байқоңыр» кешенiн қауіпсiз пайдалануда өзара мүдделіліктерiн бiлдiре отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi: Осы Келісім Тараптардың «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде апаттар болған жағдайдағы мiндеттерiн, Тараптардың күштерi мен құралдарын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу сәтiне Тараптардың күші мен құралдарын дайындық жағдайына келтiрудің тәртібін, зымырандарды жiберуге дайындығы туралы және апат жағдайында Тараптардың өзара хабарласу рәсiмдерін, сондай-ақ апаттардың зардаптарын жою үшін Тараптардың қажеттi күштерi мен құралдарын тартудың тәртібін айқындайды. Осы Келісімнің мақсаттары үшін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|