Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабы 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы заңнамасы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген
Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты
__________ қаласы____________сериясы № ____ 20___жылғы «____» Бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын, _____________________________________________________________ атынан (сақтандыру ұйымының атауы) ___________________________________________________________________, (жарғы, ереже немесе сенімхат) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша 20__ жылғы «___» _________ № ______ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|