Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне осы Қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 2. Конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін. 3. Осы Қаулы оның 2-тармағының ережесі ескеріле отырып, қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 404-VII ПС қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар
1) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Сенат отырыстарында сөз сөйлеудің мынадай түрлері көзделеді: талқыланып жатқан мәселе бойынша баяндама, қосымша баяндама, қорытынды сөз, талқыланып жатқан мәселенің мазмұны, талқыланатын кандидатуралар бойынша жарыссөздер, ұсыныстар енгізу кезінде дауыс беру жағдаяттары жөнінде, отырысты жүргізу тәртібі жөнінде сөйленетін сөздер, сондай-ақ сауалдар, сұрақтар, сұрақтарға жауаптар, анықтамалар, ақпараттар, мәлімдемелер, үндеулер. Сенат отырысында, осы Регламенттің 3-1 және 5-тарауларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бас комитет уәкілеттік берген депутат Мәжіліс қабылдаған заң бойынша баяндама жасайды. Осы Регламенттің 3-1 және 5-тарауларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мәжіліс қабылдаған заң бойынша Сенат отырысында қосымша баяндама жасау көзделмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|