Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс
Біз, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің (бұдан әрі - Тараптар) өкілетті өкілдері: Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау; мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруде ымыраға барынша қол жеткізу; «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асырудағы ынтымақты жауапкершілік және оның жер-жерлерде іс жүзінде жүзеге асырылуына ықпал ету; әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу; лайықты еңбек ету үшін жағдайларды қамтамасыз ету ісінде сындарлы өзара іс-қимыл мен қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделері, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, 2015 − 2017 жылдары әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын 2015 − 2017 жылдарға арналған осы Бас келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасастық.
1. Экономикалық саясат
Тараптар алдағы кезеңде мемлекетіміздің экономикалық саясаты «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыруға, ұлттық экономиканың тұрақтылығын, әлеуметтік дамуды және адам капиталына салынған инвестициялардың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған болуға тиіс деп есептейді. Ішкі сұраныстың өсуі, экспорт үшін сыртқы жағдайдың жақсаруы, инвестициялардың өсуі, сондай-ақ еуразиялық экономикалық интеграцияның тереңдеуі Қазақстан экономикасының осы кезеңдегі өсуінің негізгі факторлары болады. Осыған байланысты Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|