«Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 24-9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-14 шешімі
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 587-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 24-9 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3909 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 26 шілдеде жарияланған) № 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|