2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы (2022.27.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 55) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022.31.08. № 592 бұйрығымен лимиттері жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022.14.11. № 699 бұйрығымен лимиттері өзгертілді (2022 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 208 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|