«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 282 бұйрығы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1.«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9957 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 (28537) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында: мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын: «12. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мәліметтерді қоспағанда, осы Қағидаларда көзделген мәліметтер уәкілетті органға қағаз және электронды түрде уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік бірыңғай басқару жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің экрандық нысанын толтыру арқылы ұсынылады»; осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|